РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ



Ақпараттық-имидждік бөлімі

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК БӨЛІМІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ақпараттық-имидждік бөлімі институттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімде «Нұрлы Жол» газеті, Баспасөз қызметі, ТарМПИ веб-сайты және Фотостудия  қызмет атқарады.

Ақпараттық-имидждік бөлімінің міндеттері мыналар болып табылады:

1. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету:

- Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өткен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету; шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатымен дайындауға және өткізуге қатысу;

- Отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;

- Іс-шараларды кәсіби және сапалы фото түсірілімдермен қамтамасыз ету.

2. Ректордың қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау:

- Институт ректорының  ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;

- Институт ректорының қызметі, оның ішінде ұстанымын түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;

- БАҚ-та институттың жағымды, оң имиджін жүйелі, үздіксіз түрде қалыптастыру;

3. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативті қолдау:

- Институттың www.tarmpi.kz ресми веб-сайтына жаңалықтар хабарларын, ақпараттық материалдарды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру;

- Институтта өтетін  іс-шаралар туралы БАҚ-ты ақпараттық материалдармен хабардар және қамтамасыз ету;

- Институт газетінің дер кезінде шығуын қамтамасыз ету;

- Жалпыинституттық шығармашылық конкурстардың қоғамдық комиссиясының құрамын және жұмысын ұйымдастыру.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support